Дәріс №9

Ғылыми-зерттеу жұмысы (ғзж) есебінің құрылымдық элементтері мен мазмұнына қойылатын талаптар

 

Дәрістің мақсаты: білім алушылырды ғылыми-зерттеу жұмыстардың (ҒЗЖ) есептерінің құрылымдарымен, элементтерімен және қойылатын талаптарымен таныстыру.

 

Дәрістің жоспары:

1. Жалпы ережелер.

2. Есептің құрылымдық элементтері.

3. Есептің құрылымдық элементтерінің мазмұнына қойылатын талаптар.

 

1. Жалпы ережелер. ҒЗЖ есебі (отчет) дегеніміз – ҒЗЖ туралы деректер жүйесін қамтитын, ғылыми-техникалық проблеманың жай-күйін, ғылыми зерттеу процесін және оның нәтижелерін сипаттайтын ғылыми-техникалық құжат.

ҒЗЖ орындау нәтижелері бойынша жалпы жұмыс туралы қорытынды есеп дайындалады. Сонымен қатар, ҒЗЖ-ның жекелеген кезеңдері бойынша аралық есептер де жасалуы мүмкін, оны ҒЗЖ-на қатысты техникалық тапсырмада және жұмысты орындаудың күнтізбелік жоспарында көрсетіледі.

МЕМСТ (ГОСТ) 7.32-2001 талаптарына сәйкес есепте қамтылған деректердің дұрыстығын орындаушы-ұйым жауапты. Норма бақылауды жасау кезде ГОСТ 2.111-2013 конструкторлық құжаттаманың ортақ жүйесі (КҚОЖ немесе орысша «ЕСКД») талаптарына сай орындау қажет.

 

2. Есептің құрылымдық элементтері. ҒЗЖ туралы есептің құрылымдық элементтері келесідей:

- бастапқы бет;

- орындаушылар тізімі;

- реферат;

- мазмұны;

- анықтамалар;

- белгілеулер мен қысқартулар;

- кіріспе;

- негізгі бөлім;

- қорытынды;

- пайдаланылған әдебиеттер тізімі;

- қосымшалар.

Тізімдегі қалың қәріппен белгіленгендер міндетті элементтерге жатады. Ал ҒЗЖ қалған құрылымдық элементтері орындаушының қалауы бойынша есепке енгізіледі.

 

3. Есептің құрылымдық элементтерінің мазмұнына қойылатын талаптар. Бастапқы бет,  ҒЗЖ туралы есептің бірінші беті болып табылады және құжатты өңдеу және іздеу үшін қажетті ақпарат көзі ретінде қызмет етеді. Бастапқы бетте келесі мәліметтер келтіріледі:

-         орындаушы ұйымнан жоғары тұрған ұйымның атауы;

-         ҒЗЖ орындаушы ұйымның атауы;

-         әмбебап ондық жіктеу индексі (ӘОЖ, орыс тілінде «УДК»);

-         есепті сәйкестендіру номері;

-         келісу және бекіту грифтері;

-         жұмыстың атауы;

-         есептің атауы;

-         есеп түрі (қорытынды, аралық);

-         жұмыс нөмірі (шифры) ;

-         ҒЗЖ орындаушы ұйым жүргізуші мен жетекшінің лауазымдары, ғылыми дәрежелері, ғылыми атақтары, тегі және аты-жөні;

-         есепті жасау орны мен күні.

Орындаушылар тізімі. Орындаушылар тізімінде жұмысты орындауға қатысқан зерттеушілердің, жауапты орындаушылардың және зерттеу жұмысы жетекшісінің аты-жөні, лауазымы, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы келтіріледі.

Егер есепті бір орындаушы орындаса, онда оның лауазымы, ғылыми дәрежесін, ғылыми атағын, тегін және аты-жөнін есептің бастапқы бетінде келтіреді.

Реферат.  ҒЗЖ есебіндегі рефератқа қойылатын жалпы талаптар - ГОСТ 7.9-95 бойынша жасалу қажет. ГОСТ 7.9-95 -  Ақпарат, кітапхана және баспа ісі стандарттарының жүйесі. Реферат және аннотация. Жалпы талаптар.

Реферат келесідерді қамту керек:

- есептегі беттер көлемі, иллюстрациялар, кестелер, қосымшалар саны, есептегі бөлімшелер көлемі және пайдаланылған әдебиеттер тізімінің көлемі туралы мәліметтер келтіріледі;

- кілт сөздер тізімі;

- реферат мәтіні.

Кілт сөздер тізіміне 5-тен 15-ке дейін есеп мәтініндегі терминдерге сай сөздер немесе сөз тіркестерден тұруы тиіс, олар есептің мазмұнын сипаттайды және ақпараттық іздеу мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Кілт сөздер атау септігінде және үтір арқылы бас әріптермен жазылады.

Реферат мәтіні келесілерді қамтуы тиіс:

- зерттеу жұмысының объектісі;

- жұмыстың мақсаты;

- жұмыс жүргізу әдісі немесе әдіснамасы;

- жұмыс нәтижелері және олардың жаңалығы;

- негізгі құрылымдық, технологиялық және техникалық пайдалану сипаттамалары;

- енгізу дәрежесі;

- ҒЗЖ нәтижелерін енгізу бойынша ұсынымдар немесе енгізу қорытындылары;

- қолдану саласы;

- жұмыстың экономикалық тиімділігі немесе маңыздылығы;

- зерттеу объектісінің дамуы туралы болжамдар.

Есептің мазмұны бет нөмірлері көрсетілген кіріспеден, бөлімдер мен бөлімшелердің атаулары, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімін қамтиды.

Екі және одан да көп бөліктерден тұратын есепті жасау кезінде олардың әрқайсының өз мазмұны болуы тиіс. Бұл ретте бірінші бөлікте бөліктердің нөмірлері көрсетілген барлық есептің мазмұны орналастырылады, келесілерінде - тек тиісті бөліктің мазмұны келтіріледі. Көлемі 10 беттен аспайтын ҒЗЖ туралы есептің мазмұыны болмайды.

Анықтамалар. Құрылымдық элемент ретінде «Анықтамалар» ҒЗЖ қолданылатын терминдерді нақтылау және анықтау үшін қажет.

Анықтамалар тізімін келесі сөздерден бастаған жөн: «Осы ҒЗЖ есебінде келесідей терминдер мен олардың анықтамалары келтіріледі».

Белгілер мен қысқартулар. Құрылымдық элемент ретінде «Белгілер мен қысқартулар» ҒЗЖ белгілер мен қысқартулар тізімін қамтиды.

Кіріспе алға қойған заманауи ғылыми-техникалық проблемаларды шешудің жолдары, есеп тақырыбына сай негіздеме мен бастапқы деректер, ҒЗЖ жүргізудің негіздемесі, жоспарланған әдістеменің ғылыми-техникалық деңгейі туралы мәліметтер, патенттік ізденістер мен олардың қорытындылары, ҒЗЖ метрологиялық қамтамасыз етуі туралы мәліметтер келтіріледі. Сонымен қоса кіріспеде тақырыптың өзектілігі мен жаңалығы, осы жұмыстың басқа ғылыми-зерттеу жұмыстарымен байланысы көрсетілуі керек.

Аралық есептердің кіріспесінде ҒЗЖ кезең бойынша мақсаты мен талаптары болуы тиіс, ҒЗЖ жасаудың орнын көрсету керек.

Қорытынды есептің кіріспе бөлімінде аралық есептің кезең бойынша атаулар тізімі келтіріледі және олардың инвертарлық номерлері болуы тиіс.

Негізгі бөлім. Есептің негізгі бөлімінде орындалған ҒЗЖ-ның мәнін, әдістемесін және негізгі нәтижелерін көрсететін деректер келтіріледі.

Негізгі бөлімде мыналар болуы керек:

- зерттеу бағытын негіздеуді, есептерді шешу әдістерін және оларды салыстырмалы бағалауды, сипаттауды қамтитын зерттеу бағытын таңдау

ҒЗЖ жүргізудің таңдалған жалпы әдістемесі;

- теориялық және (немесе) эксперименттік зерттеулер процесі, теориялық зерттеулердің сипаты мен мазмұнын анықтау, зерттеу әдістері, есептеу әдістері, тәжірибелік жұмыстарды жүргізу қажеттілігінің негіздемесі, әзірленген объектілердің әрекет ету қағидаттары, олардың сипаты;

- бағалауды қамтитын зерттеу нәтижелерін қорытындылау және бағалау

жұмыстарды одан әрі бағыттау, алынған нәтижелердің шынайылығын және оларды енгізудің техникалық экономикалық тиімділігін бағалау және оларды ұқсас нұсқалармен салыстыру бойынша қойылған міндеттер мен ұсыныстарды толық шешу,  отандық және шетелдік жұмыстардың нәтижелері бойынша қосымша зерттеулер жүргізу, одан әрі зерттеулерді тоқтату қажеттілігіне әкелетін теріс нәтижелер.

Есепте келтірілген заттар мен материалдардың қасиеті туралы мәліметті ГОСТ 7.54-88 сай орындау керек. ГОСТ 7.54-88 Ақпараттық, кітапханалық және баспа ісінің жүйелі стандарттары. Ғылыми-техникалық құжаттардағы заттар мен материалдардың қасиеттері туралы ғылыми сандық мәліметтерді ұсыну. ГОСТ 8.417-88 өлшем бірліктерді мемлекеттік жүйемен қамтамасыз ету. Шамалардың бірліктері. Жалпы талаптар, физикалық бірліктер шамаларды осы талаппен жасайды. 

Қорытынды келесілерден тұру қажет:

- ҒЗЖ немесе оның жекелеген кезеңдерінің нәтижелері бойынша қысқаша қорытындылар;

- қойылған міндеттердің шешімдерінің толықтығын бағалау;

- ҒЗЖ нәтижелерін нақты пайдалану бойынша ұсынымдар мен бастапқы деректерді әзірлеу;

- жұмыстардың нәтижесін енгізудің техникалық-экономикалық тиімділігін бағалау нәтижелері;

- орындалған ҒЗЖ Ғылыми-техникалық деңгейін бағалау нәтижелері осы саладағы ең жақсы жетістіктермен салыстыру.

Қолданылған әдебиеттер тізімі. Есепте жасау барысында қолданылған әдебиеттер тізімі туралы мәліметтер келтіріледі. Қолданылған әдибиеттер тізімін ГОСТ 7.1-2003 сай орындау қажет. ГОСТ 7.1-2003 Библиографиялық жазба. Библиографиялық сипаттама. Жалпы талаптар және құрастыру ережелері.

Қосымшалар.  Қосымшаларда қандай да бір себептермен ҒЗЖ негізгі бөлімінде көрсетуге келмейтін, алайда сол жұмыспен байланысы бар материалдар болады. 

ҒЗЖ қосымшасында келесілер болуы мүмкін:

- аралық математикалық  дәлелдер, формулалар және есептеулер;

- қосалқы сандық деректер кестелері;

- эксперементтердің хаттамалары мен актлері;

- эксперттер, өлшеулер және сынақтар жүргізу кезінде қолданылатын аппаратуралар мен аспаптардың сипаттамасы;

- метрологиялық сараптама қорытындысы;

- ҒЗЖ орындау процесінде әзірленген нұсқаулықтар, әдістемелер;

- көмекші сипаттағы иллюстрациялар;

 

Бақылау сұрақтары:

1. ҒЗЖ дегеніміз не?

2. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының есебінің құрылымы қандай талаптарға сай жасалады?

3. Есептің құрылымдық элементтері қандай?

4. ҒЗЖ есебінің қорытындысы қойылатын талаптар қандай?

5. Қолданылған әдебиеттер тізімі?