Дәріс №10
Ғылыми-зерттеу жұмысы есебін рәсімдеу
ережесі
Дәрістің мақсаты: студенттерді ғылыми-зерттеу жұмыс есептерін
құру ережелері және талаптарымен таныстыру.
Дәрістің жоспары:
1. Жалпы
талаптар.
2. Есепті құру және рәсімдеу ережелері.
3. Есеп беттерін нөмірлеу.
1. Жалпы талаптар. Мәтінді баяндау және ҒЗЖ есепті рәсімдеу ГОСТ
7.32-2001 талаптарына сәйкес орндайды. Есеп мәтінінің беттері
және есепке енгізілген суреттер мен кестелер A4 форматына сәйкес
келуі керек. Кей жағдайда осы форматтағы кестелер мен
иллюстрациялар көп болған кезде A3 форматын қолдану рұқсат
етіледі.
ҒЗЖ
туралы есеп жазу машинкасында кез келген баспа тәсілімен немесе А4
форматындағы ақ қағаз парағының бір
жағында компьютер мен принтерді пайдалана отырып, бір жарым
аралықпен орындалуы тиіс. Қаріп түсі қара болуы тиіс,
әріптердің, сандардың және басқа
белгілердің биіктігі - кемінде 1,8 мм (кегль 12-ден кем емес).
Қалың қаріп қолданылмайды. Есеп мәтіні келесідей
талаптардың өлшемдерін сақтай отырып, басылуы тиіс: оң
жақ - кемінде 10 мм, жоғарғы және төменгі - кемінде
20 мм, сол жақ - кемінде 30 мм.
Компьютерлік мүмкіндіктерді пайдалана отырып,
белгілі бір терминдерге, формулаларға, теоремаларды ерекшелеу
мақсатында әр түрлі гарнитураның қаріптерін
қолдануға болады.
Есепті орындау
тәсіліне қарамастан басып шығарылған
өнімнің сапасы суреттер, кестелер, жазған мәтіндер
олардың нақты көрінуін қамтамасыз ету керек.
Есепті орындау кезінде есеп бойынша суреттердің
бірдей өлшемде, контрастын
және айқындылығын сақтау қажет. Есепте анық
сызықтар, әріптер, сандар мен белгілер болуы керек.
Есепті дайындау процесінде табылған жаңылыс
жазуларды және графикалық дәлсіздіктерді тазарту немесе
ақ бояумен бояу және түзетілген мәтінді (графиканы) сол
жерге машинамен жазу тәсілімен немесе қара сиямен, пастамен немесе
тушьпен - қолжазба тәсілімен түзетуге жол беріледі.
Есеп
парақтарының бүлінуіне, бұрынғы
мәтіннің (графиканың) толық
жойылмағандығының іздері мен түзетулеріне жол
берілмейді. Түзетулер енгізілгеннен кейін құжат ГОСТ 13.1.002-2003
белгіленген микрофильмирлеу талаптарын қанағаттандыруы тиіс.
Мекемелердің
атауы, бұйымдар мен есепте басқа тиісті атаулар
түпнұсқа тілінде беріледі. Есепте атауларды транслитерациялау
және ұйымдардың атауларын есептегі тілге сай
түпнұсқа түріне аударуға болады.
Есептегі орыс
сөздері мен сөз тіркестерінің қысқаруы ГОСТ 7.12 - 93 сай орындалғаны
жөн. Библиографиялық жазба. Орыс тіліндегі сөздердің
қысқаруы. Жалпы талаптар мен ережелер.
2. Есепті құру және рәсімдеу
ережелері. «ОРЫНДАУШЫЛАР ТІЗІМІ»,
«РЕФЕРАТ», «МАЗМҰНЫ», «АНЫҚТАМАЛАР», «БЕЛГІЛЕР МЕН
ҚЫСҚАРТУЛАР», «КІРІСПЕ», «ҚОРЫТЫНДЫ», «ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ», «ҚОСЫМША» есептің
құрылымдық элементтерінің атаулары оның тараулар
қызметін атқарады. Құрылымдық элементтерді жолдың
ортасында соңында нүктесіз және астын сызусыз бас әріптермен
жазылу тиіс.
Есептің
негізгі бөлігін бөлімшелерге және пунктерге бөлу болады.
Қажет болған жағдайда тармақтар тармақшаларға
бөлінуі мүмкін. Сонымен қатар әрбір тармақ аяқталған
ақпаратты ұстануы қажет.
Бөлімдер
мен бөлімшелерді реттік, арабша сандармен, азат жолдан жазу керек.
Бөлімдер барлық мәтін көлемінде реттік нөмірленуі
тиіс, қосымшаларды қоспағанда. Мысалы - 1, 2, 3 және т. б.
Бөлімшелер
мен тармақшаларды нөмірлеу, басты бөлімдегі реттік номермен
нүкте арқылы бөлінген бөлімшелер мен тармақшалар
нөмірі қойылады. Мысал
- 1.1, 1.2, 1.3 және т. б.
Мәтіндегі
бөлімнің, кіші бөлімнің, тармақтың
және тармақшаның нөмірінен кейін нүкте қойылмайды.
Егер есеп мәтіні тек
тармақтарға ғана бөлінсе, онда барлық шектегі
реттік нөмірлермен қосымшаларды қоспағанда, оларды
нөмірлеу керек. Егер бөлімде бір ғана бөлімше болса,
оны нөмірлеуге болмайды.
Бөлімдердің,
бөлімшелердің тақырыптары болуы тиіс. Бөлімдер мен бөлімшелер
тақырыптары оның мазмұнын ашатындай нақты және
қысқаша болғаны жөн.
Бөлімдер
мен бөлімшелер, пунктерді абзацты шегініспен бас әріппен
соңында нүктесіз, астын сызусыз басылуы тиіс.
Егер
тақырып екі сөйлемнен тұрса, олар нүктемен
бөлінеді.
3. Есеп беттерін нөмірлеу. Есеп беттерін нөмірлеу керек есептің барлық мәтін
бойынша үздіксіз нөмірлеуді сақтай отырып, араб цифрларымен
жазылады. Бет нөмірі парақтың төменгі
бөлігінің ортасына нүктесіз қойылады. Бастапқы
бет (титул парағы) есеп беттерінің жалпы нөмірленуіне кіреді.
Нөмірлеу
бастапқы бетке қойылмайды. Жеке парақтарда
орналасқан иллюстрациялар мен кестелер есеп беттерінің жалпы
нөмірленуіне кіреді. A3 форматындағы келтірілген суреттер мен
кестелер бір бет ретінде ескеру керек.
Есептің
бөлімдері, бөлімшелері және пунктерін номерлеу.
Есептің
бөлімдерін нүктесіз араб санымен және абзацтық
шегініспен жазылуы тиіс. Бөлімшелер әрбір бөлім шегінде
нөмірленуі тиіс. Бөлімшелер нөмірі сол бөлімге тиесілі
номерден тұрады. Бөлімше нөмірінің соңында
нүкте қойылмайды. Егер есептің кіші бөлімдері болса,
онда тармақтардың нөмірленуі кіші бөлімнің
шегінде және тармақтың нөмірі бөлімнің
нөмірлерінен тұруға тиіс, нүктелермен бөлінген
кіші бөлімдер мен тармақтардан тұрады, мысалы:
3. Сынақ әдістері
3.1 Аппараттар, материалдар
және реактивтер
|
|
Есептің үшінші бөлімінің бірінші бөлімшесінің
тармақтарын нөмірлеу. |
3.2 Сынаққа дайындық |
|
Есептің үшінші бөлімінің екінші бөлімшесінің
тармақтарын нөмірлеу. |
Егер есепте
пункттер (тармақ) болса барлық есеп бойынша рет ретімен
номерленеді. Кей жағдайда есепте тармақшалар болуы мүмкін,
оларды номерлеу сәйкес тармақтың номеріне сай номерленеді,
мысалы, 4.2.1.1, 4.2.1.2, 4.2.1.3 және т. б.
Тармақтардың
немесе тармақшалардың ішінде тізімдер келтірілуі мүмкін.
Әр элемент тізімінің алдында сызықша қою керек. Ал
егерде есепте сол тізімдерге сілтеме жасалатын болса, онда сәйкес
сызықшаға алфавиттік реттілікпен әріптер
қолданылады (Е, З, Й, О, Ч, Ъ, Ы,
Ь әріптерін қоспағанда). Мысалы:
а) _______________
б) _______________
1)
_____________
2)
_____________
в) _______________
Бақылау
сұрақтары:
1. ҒЗЖ-на қойылатын жалпы талаптар?
2. Есеп
беттерін нөмірлеу қалай жүргізіледі?
3. Түзетулер енгізілгеннен кейін құжат қандай
белгіленген микрофильмирлеу талаптарын қанағаттандыруы тиіс.